Бауыржан Жүсіпов ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Бауыржан Әлішерұлы Жүсіпов ведомствоның Фармация комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1981 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, Астана медицина университетін бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласының Жедел медициналық жәрдем стансасының фельдшері болып бастаған.

2007–2010 жылдары — Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың хирург-дәрігері.

2010–2013 жылдары — Ұлттық медициналық холдингтің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің менеджері.

2013–2017 жылдары Республикалық диагностикалық орталықта басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2022 жылдан 2025 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасында басшылық қызмет атқарды.

2025 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу