Берік Манасов ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Берік Жамбылұлы Манасов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Берік Манасов 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке меншік ұйымда қаржылық талдаушы болып бастаған.

2007 жылы екінші деңгейдегі банкте ШОБ-ты несиелеу бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.

2007-2008 жж. — «Abadan Investments» АҚ Инвестицияларды орналастыру департаментінің менеджері.

2008-2013 жж «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-да түрлі қызметтерде болды.

2013-2014 жж. – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қазынашылық департаментінің бас менеджері, директоры.

2018 ж. – «ҚазАгроКепіл» АҚ Ішкі бақылау қызметінің бастығы.

2022 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің директоры болып қызмет етті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу