Дархан Мырзабаев ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Дархан Тілеубердіұлы Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1989 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Франция Республикасының мұнай және энергетика ұлттық жоғары мектебін, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы қаржы университетін, Қытай-Еуропа Халықаралық бизнес мектебі бітірген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын Алматыда «PGS Kazakhstan» ЖШС геофизик-тағылымдамашы болып бастаған.

2012–2015 жылдары — Лондон қаласы, Schlumberger Ltd халықаралық компаниясының далалық аға геофизигі. 

2015–2019 жылдары — «Тарбағатай Мұнай» ЖШС кен орындарын игеру бойынша кіші инженер.

2020 жылы — Amazon EU S.A.R.L  компаниясының бағдарлама менеджері.

2021–2022 жылдары — «Эрнст энд Янг кеңес беру қызметтері» ЖШС аға консультанты.

2022–2023 жылдары — Павлодар облысының Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2023 жылы — «CSI Stat» ЖШС менеджері.

2024 жылы — Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі Инновациялық даму департаментінің директорының міндетін атқарушы, директоры.

2024–2025 жылдары — Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары. 

2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу