Ерлан Ақкенженов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.

2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.

2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу