ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды;

  • Тимур Мұратұлы Сүлейменов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

 

Президент Өкімдерімен:

  • Тимур Мұратұлы Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;

  • Айдос Ыдырысұлы Үкібай басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды;

  • Берік Уәлиұлы Құрманғали ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу