10 Шілде 2026, 17:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Манас Ембергенұлы Рамазанов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Д. А. Қонаев университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
1984–2006 жылдары Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында еңбек етіп, кіші ғылыми қызметкерден шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісіне дейінгі кәсіби жолдан өтті.
2006-2007 жылдары – Емдеу және сақтандыру жұмысының Департаменті хирургиялық көмегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы.
2007-2008 жылдары – «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» – Ғылыми-клиникалық жұмысы бойынша директордың орынбасары.
2008-2013 жылдары – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары.
2013-2014 жылдары – ҚР ДСМ Алматы қаласындағы Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті Департаментінің басшысы.
2014-2018 жылдары – Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері.
2018 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу