09 Маусым 2026, 17:11

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов ведомство аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастады.
2006 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2014–2017 жылдары — Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.
2017–2020 жылдары — Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2020–2023 жылдары — Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2023–2024 жылдары — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.
2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ТЖМ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу