Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Асқар Шакенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Жақыпбаев 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Мыңбұлақ совхозының құрылыс бөлімінде жұмысшы болып бастаған.

1986-1996 жылдары Мыңбұлақ совхозының ветеринар дәрігері, комсомол комитетінің хатшысы, Мыңбұлақ ауылы әкімдігінің ветеринар инспекторы болып жұмыс істеді.  

1996-1997 жылдары – Аягөз ауданының бас мал дәрігерінің эпизоотия жөніндегі орынбасары.

1997-1999 жылдары ветеринарлық қадағалау органдарында жұмыс істеді.

1999-2019 жылдары АШМ құрылымында Шығыс Қазақстан облысы бойынша басшылық қызметтерде болды.

2021 жылы – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ШҚО бойынша өңірлік филиалы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

2021 жылғы қарашадан бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып қызмет етті.


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу