22 Мамыр 2025, 11:00
Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға сараптама жүргізу, сондай-ақ осындай жобаларды қаржыландырудың балама көздерінің бар-жоғын қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 59-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға сараптама жүргізу, сондай-ақ осындай жобаларды қаржыландырудың балама көздерінің бар-жоғын қарау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу