2018 жылы Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі енгізіледі

Мемлекет басшысының 10.01.2018 ж. Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК тізбесін қалыптастыруға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек пакетіне жаңа тәсілдерді қарауды ұсынып отыр.

Биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры белгілеген ТМККК қаржыландыру көлемі 923,8 млрд теңгені құрады, соның ішінде медициналық қызметтерді сатып алуға — 776,9 млрд теңге.

«Сонымен қатар, медициналық қызметтердің жаңа жеткізушілері пайда болды. ТМККК қаржыландыру көлемінің салыстырмалы түрде сақталуы кезінде, медициналық қызметтер ұсынушылардың саны артты, осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша олардың саны 1390 құрады, бұл өткен жылғымен салыстырғанда (1041) 349-ға (немесе 33,5%-ке) жоғары», — деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 29.05.2018 ж. Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол ТМККК моделін енгізуді 3 кезеңде жүзеге асыру көзделгенін айтты. Бірінші кезекте, қазіргі жағдайда ТМККК-ны барынша нақтылау және оңтайландыру мақсатында медициналық қызметтерді басым ету және шектеу арқылы ТМККК пакетіндегі медициналық көмектің толық ревизиясы жүргізілетін болады. Екіншіден, ТМККК-нің жаңа моделін МӘМС-ті енгізумен бірге өрістету. Бұл кезең бір жағынан ТМККК бойынша мемлекет міндеттемелерінің нақты шегін белгілей отырып, МСАК-тың профилактикасына және басымдықты дамытуға бағытталған саясатты одан әрі қамтамасыз етумен, екінші жағынан МӘМС жүйесіне толық ауқымды көшу және одан әрі дамытумен сипатталады. Үшіншіден, медициналық технологияларды дамытуды ескере отырып, ТМККК және МӘМС тізімдерін үнемі жаңартып отыру.

ТМККК жетілдіру шеңберінде ұсынылады:

  • динамикалық бақылауға жататын аурулардың санын қысқарту (диспансерлік ауруларды 245-тен 25-ке дейін оңтайландыру, бұл ретте демографияға залал келтіретін аурулар кезінде МСАК қолжетімділігін арттыру, МСАК медицина қызметкелеріне ауыртпалықты төмендету).

  • диагностикалаудың ескірген/ тимсіз әдістерді алып тастау (бейінді мамандардың 16 консультациясын, 900 астам КДҚ алып тастау, диагностикалық және зертханалық қызметтерді пайдалануды шектеу).

  • науқастар ағымын экономикалық тиімді стационар алмастыратын көмек деңгейіне қайта бөлу (ауруларды басымдықпен стационар алмастыратын көмек деңгейінде емдеу (769/529 диагноз, операция, манипуляция).

«ТМККК жаңа моделін кезең-кезеңімен енгізу бойынша ұсынылған тәсілдер мақұлданған жағдайда, үш жылдық бюджетті түзету бойынша қосымша жұмыстар атқарылады, соның ішінде мемлекеттің денсаулық сақтау саласына жұмсайтын шығындары қайта қаралады», — деп түйіндеді Елжан Біртанов.

Анықтама: МӘМС жүйесінде медициналық көмек әрбір адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталады: қымбат тұратын диагностикалық және зертханалық қызметтер; ТМККК-мен қамтылмаған ауруларды амбулаториялық дәрілермен қамтамасыз ету; стационар алмастыратын медициналық көмекке қолжетімділік; ТМККК-ны қоспағанда, жоспарлы  стационарлық көмек; қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу