Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 643 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:

1-тармақтың 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

көрсетілген қаулыда 8-қосымшада:

реттік нөмірі 1-жолдағы 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«

6)

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасы спартакиадаларында, жасөспірімдердің жастар ойындарында, Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарында:

бірінші орынға

екінші орынға

үшінші орынға

 

ЛА-дан
1,5 %

ЛА-дан
1 %

ЛА-дан
0,5 %

республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

7)

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға

 

ЛА-дан
1 %

республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

»;

реттік нөмірі 2-жолдағы 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

         «

6)

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасы Спартакиадаларында, жасөспірімдердің жастар ойындарында, Қазақстан Республикасы Паралимпиада ойындарында:

бірінші орынға

екінші орынға

үшінші орынға

 

ЛА-дан
15 %

ЛА-дан
10 %

ЛА-дан
5 %

республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

7)

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға

 

ЛА-дан
10 %

республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

          »;

көрсетілген қаулыда 18-қосымшада:

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

         «

11.

 

Құрметті атағы үшін үстемеақы

 

 

 

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар
және мәдениет саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге;
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге

 

БЛА-дан
100 %
БЛА-дан
30 %

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

          »;

көрсетілген қаулыда 20-қосымшада:

1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асырған;»;

2) «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
24 қарашадағы № 1041 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Мынадай шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар:».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

        

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          О. Бектенов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу