Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 03 наурыздағы №143 қаулысы

«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
11 ақпандағы № 49 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қызметкерлерге шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

Болған оқиға фактісі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметкерлердің шығындарын өтеуді қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүзеге асырады.

Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарды өтеуді:

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.»;

6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қызметкерлер қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.

Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарын өтеуді:

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатында тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шығындары өтету үшін уәкілетті басшыға ауыстыру не қызметтен босату туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

1) қызметкер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

2) қызметтен шығарылған қызметкер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесімен, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу туралы мүлікті тасымалдау маршруты және оның қашықтығы, төлем мөлшері көрсетілген бұйрықты:

1) қызмет өткеру орны бойынша қызметін одан әрі өткеру үшін келген қызметкерге уәкілетті басшы;

2) қызметтен шығарылған қызметкерге қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірменің негізінде қызметтен шығарылған қызметкер таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық органның уәкілетті басшысы;

3) қызметтен шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің штатында тұрған, одан шығарылған қызметкерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің уәкілетті басшысы шығарады.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде автомобиль жолының әр 20 километріне төлем мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

,

мұнда: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығы;

20 км – тұрақты шама;

1 АЕК – тиісті қаржы жылына арналып бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.

Кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығын 20 километрге бөлу нәтижесі дөңгелектелмей 1 АЕК-ке көбейтіледі.

Алынған сомаға соманы бір теңгеге дейін  арифметикалық дөңгелектеу  әдісі қолданылады (50 тиынға жетпесе, азайту жағына дөңгелектенеді;
50 тиын және одан жоғары болса, ұлғайту жағына дөңгелектенеді).»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларында:

6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін –
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу болған оқиға фактісі бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады және қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.

Қызметкер қызмет бойынша ауысқан кезде оның отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді қызметкер әрі қарай қызмет өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.

Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді:

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған болса – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған болса – шығарылғанға дейін өзі штатында тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.»;

5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.»;

7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған құжаттар ұсынылғанда және таңдаған тұрғылықты жерде тіркелгені расталғанда шығындарды өтеу:».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                    О. Бектенов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу