Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 04 наурыздағы №149 қаулысы

Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын жеңіл өнеркәсіп тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

2. Мемлекеттік сатып алуға қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың қатысуына рұқсат етілсін.

3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, осы қаулының 1-тармағында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 О. Бектенов            

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу