Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №360 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ережесінде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

«22-1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) барлау, өндіру және айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалармен не олардың уәкілетті өкілдерімен мемлекеттік қызметтер көрсету, функцияларды орындау және өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;»;

53) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«53) шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) барлау, өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың есептерді ұсыну нысандары мен тәртібін  әзірлейді және бекітеді;»;

60) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 76-1) және 76-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«76-1) көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібін келіседі;»;

«76-2) жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесін келіседі;»;

77) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«77) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша көмірсутектер саласында стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:

«77-1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша көмірсутектер саласында стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;

80) тармақша алып тасталсын;

158-1) тармақша алып тасталсын;

161) және 162) тармақшалар алып тасталсын;

290-16) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«290-16) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін, оның ішінде шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу жөніндегі ақпаратты жинауды,  беруді, өңдеуді, сақтауды,  пайдалануды және таратуды  әзірлейді және бекітеді;».

2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он жетінші,                                 он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын  қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу