17 Ақпан 2026, 10:06
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы үлгілік шартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 122-бабының 4-тармағына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы үлгілік шарт бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу