Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №388 қаулысы

«Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы
    № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi
    № 457 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы 2026 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу