Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 мамырдағы №397 қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 270-жолда:

5-баған мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:

«32) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 24 қазанға дейін, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 2029 жылғы 30 сәуірге дейін».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу