Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 наурыздағы №121 қаулысы

«Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                             О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу