Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 қарашадағы №1010 қаулысы

Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 О. Бектенов

 

Қосымша

Қағида

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу