Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі №342 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

7-тармақта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2021 − 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесіне және осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесіне сәйкес жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС нысаналы тобы болып табылады.»; мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатынн «3», «4» және «5» жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.  Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 11,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.

Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.

Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.

Бұл ретте экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі экономиканың тиісті салаларына жетекшілік ететін уәкілетті органдардың жобалардың қаржылық орнықтылығы, орташа рентабельділігі, капитал сыйымдылығы және экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесіне енгізуге ұсынылатын ЭҚЖЖ бойынша кредиттерді қайтармау тәуекелдері бойынша талдау қорытындылары бар ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі, әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын «3», «4» және «5» жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.

Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.».

басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшамен толықтырылсын;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) көпфункционалды ғимараттар (кешендер) – инженерлік, әлеуметтік, функционалдық өзара байланыстар жүйесімен біріктірілген, заманауи әлеуметтік-мәдени, технологиялық, қала құрылысы және сәулет талаптарына жауап беретін, негізгі функцияларды атқаратын әртүрлі мақсаттағы үш және одан астам (балалардың келуіне арналған үй-жайлары немесе алаңдары бар екі) объектілерді орналастыруға арналған біртұтас сәулет тобы немесе жеке тұрған ғимараттар;»;

мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

«16-1. Кәсіпкерлер астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы жобаларды қоспағанда, мына:

ЭҚЖЖ 47.11 «Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату»;

ЭҚЖЖ 68.20.1 «Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару» салаларына сәйкес іске асыратын, ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр сауда орталықтарын, заманауи форматтағы сауда объектілерін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді (сауда ойын-сауық орталықтарын қоспағанда) салу, кеңейту жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі.

Осы тармақтың шарттарына сәйкес келетін жобалар бойынша:

сауда жабдығын сатып алуға;

сомасы 3 (үш) млрд теңгеден аспайтын бір бизнес-жоба шеңберінде бір өңірде орналасқан екі немесе одан да көп объектіні іске асыруға жол беріледі. Бұл ретте екі және одан да көп жобаны бір объект (физикалық немесе технологиялық жағынан ажырамас байланысқан біртұтас ғимарат/құрылысжай/объект болып табылады) ретінде қаржыландыруға жол берілмейді.

Сауда орталықтары/заманауи форматтағы сауда объектілері/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендер үшін:

объектінің аумағында «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізуге арналған сауда орындарының болуы;

объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу міндетті шарттар болып табылады.»;

42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Банктер/лизингтік компаниялар:

осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу бойынша;

осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша;

осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобалар шеңберіндегі кредиттер/лизинг бойынша субсидиялауға арналған экономика салаларының тізбесіне сәйкес инвестицияларға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.»;

мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

«49-1. ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын «3», «4» және «5» жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларға кредит беру кезінде кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Бұл шарт осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібидегі қайта өңдеу бойынша экономика салаларының тізбесі және 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Осы субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 11,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның
13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

Тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

Кредит/лизинг жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютада беріледі.»;

51-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тетікке 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.»;

51-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«51-1. ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын «3», «4» және «5» жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл шарт осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.»;

71-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап қойылады;»;

мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) сауда орталықтарын/заманауи форматтағы сауда объектілерін/ сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша мынадай талаптар қойылады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) 8-1-тармағына сәйкес отандық өнім тауарларын орналастыру;

объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын  өткізу.»;

мынадай мазмұндағы 75-2-тармақпен толықтырылсын:

«75-2. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы сауда орталықтарын/заманауи  форматтағы сауда объектілерін/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шығарылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) 10%-ға ұлғайту, жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізу үшін сауда орындарының болуы бойынша, сондай-ақ объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша міндеттемелері көрсетіледі.»;

76-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу көрсетіледі.»;

129-тармақта:

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша мынадай:

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10%-ға өсуіне қол жеткізу;

субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша  талаптар орындалмаған кезде;»;

мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) сауда орталықтарын/заманауи форматтағы сауда объектілерін/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша, кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі
деректер негізінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) 10%-ға ұлғайту, жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізуге арналған сауда орындарының болуы бойынша, сондай-ақ объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша міндеттемелерді орындамау фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша экономика салаларының тізбесі»;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларында:

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Мыналар:

осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу бойынша;

осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша;

осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бойынша жобалар шеңберінде кредиттер/қаржылық лизингтер бойынша кепілдік беруге арналған экономика салаларының тізбесіне сәйкес банктер/лизингтік компаниялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін кредиттер/қаржылық лизинг кепілдік беруге жатады.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша экономика салаларының тізбесі»;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетін және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                            Ә. Смайылов

 

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

5-қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу