31 Қазан 2025, 10:37
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) балама құралдар;
17) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптeстіктердің акциялары мен үлестері (Special Purpose Vehicle);
18) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу