Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №353 қаулысы

Түркістан облысы Түркістан қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының Түркістан қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған, Түркістан облысы мен Түркістан қаласының мәслихаттары мақұлдаған Түркістан облысы Түркістан қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
  2. «Түркістан облысы Түркістан қаласының Бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2020 жылғы 25 қарашадағы № 793 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                      О. Бектенов

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу