16 Қаңтар 2026, 10:45
«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 6.4, 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 13.1) жолдар, реттік нөмірі 6.4-жол алып тасталсын;
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген бөлім:
мына:
«
|
|
14.27) |
Byron Shipping Limited |
|
|
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
|
|
|
14.28) |
«KMG Systems & Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
»; |
«QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 18-2.16.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
18-2. |
16.2. |
«GPC Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
тікелей атаулы сату |
2025 |
»;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген бөлімде реттік нөмірі 3-1.4-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу