Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1204 қаулысы

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 503-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесі бекітілсін.
  2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу