23 Мамыр 2020, 21:43
2020 жылғы 23 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды, онда ауыл шаруашылығы және су шаруашылығының, сондай-ақ тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді.
Ақсу ауданында А. Мамин жобалық қуаттылығы 42 млн м³ болатын Қызылағаш су қоймасының реконструкциясымен танысты. Алдағы вегетация кезеңінде су қоймасы суармалы жерлердің аумағын кеңейтіп, сумен қосымша 7 мың га алқапты қамтамасыз етуге жол ашады.
Үкімет басшысына Алматы облысының ирригациялық жүйесін жаңғырту жобалары туралы баяндалды. Бүгінде өңірде ирригациялық желілерді реконструкциялау жұмыстары белсенді түрде қолға алынған. Алматы облысында ирригациялық желілердің ұзындығы — 16,6 мың шақырым. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Осыған байланысты өңірде су шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Премьер-Министр Алматы облысының Балқаш, Ескелді және Талғар аудандарының жетекші шаруа қожалықтарының тәжірибелік демонстрациялық алаңдарын, сүт-тауар фермаларын және материалдық-техникалық базасын аралап көрді.
А. Маминге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы отандық ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері, қарқынды егіншілік, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы, ет пен сүт өндірісін кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жобалары таныстырылды.
Талдықорған қаласында Премьер-Министр тұрғын үй инфрақұрылымының дамуын, өңірді газдандыру жұмыстарының барысын, сондай-ақ «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларының іске асырылуын және т. б. тексерді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу