Бауыржан Сартбаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда өкілі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мемлекет басшысының келісімімен Бауыржан Сартбаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі лауазымына тағайындалды.

Б. Сартбаев 1966 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1997 жылы — КИМЭП-ті құқықтану және мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша тәмамдады.

2000–2002 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң бөлімінің басшысы.

2000–2002 жж. — Білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары.

2003–2006 жж. — «Қазастықтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы.

2006–2007 жж. Ұлыбританияның Халықаралық астық кеңесінде Қазақстанның мүддесін қорғап, БҰҰ тендерлеріне қатысты.

2008–2012 жж. — «Номад» ЖШС басқармасының төрағасы.

2012–2013 жж. — «Сары-Арқа» қоры директорының орынбасары.

2013–2015 жж. — ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директоры болып қызмет атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу