Берік Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған.

2002-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.

2012-2014 жылдары Астана қаласы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары Қарағанды қ. ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қ. ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу