Елдос Нәшірәлі ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Елдос Бигелдіұлы Нәшірәлі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Елдос Нәшірәлі 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Тараз мемлекеттік университетін, Мэсси университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастады.

2006-2007 жж. – Тараз қ. әкімдігінде бас маман.

2010-2012 жж. Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2012-2016 жж. – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы; Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2016-2018 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлкетттік саясат департаментінің директоры.

2018-2021 жж. – «Хабар» агенттігі» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары.   

2021-2022 жж. – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ, «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының м.а., басқарма төрағасы.

2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және протокол департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу