Ербол Мырзабосынов ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2009-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.

2006-2018 жж. – «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы.

2018-2020 жж. «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.

2020-2021 жж. – «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.

2021 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.

Бұрын осы қызметте болған Самат Серікқанұлы Ерғалиев жұмыстан босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу