29 Наурыз 2019, 13:25
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Сатыбалды Ересұлы Бұршақов ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;
Замир Садықұлы Сағынов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;
Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу