11 Қыркүйек 2026, 20:28
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Ахметнияз Лаурра Мұстафақызы ведомствоның Медициналық бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.
1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Шымкент қаласындағы «Фосфор» МСБ-да учаскелік терапевт болып бастаған.
1997–2000 жылдары — ОҚО Медициналық сақтандыру қорының «Денсаулық» РМКК бас маманы.
2000–2005 жылдары — ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
2005–2006 жылдары — Медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитеті Ақмола облыстық басқармасының бөлім бастығы.
2006–2008 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитетінің бөлім бастығы.
2008–2009 жылдары — «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның сапа менеджері.
2009–2010 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті басқармасының бастығы.
2010–2011 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.
2011–2013 жылдары — ҚР ДСМ Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары.
2013–2014 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы.
2014–2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары.
2017–2018 жылдары — ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.
2018–2019 жылдары — ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары.
2019–2020 жылдары — ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2020–2024 жылдары — ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Стратегия және даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу