21 Наурыз 2019, 06:23
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды, ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды;
Ерлан Еркінұлы Баттақов ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, ол ҚР Президентінің Іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу