22 Наурыз 2019, 07:57
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды;
Тимур Мұратұлы Сүлейменов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Президент Өкімдерімен:
Тимур Мұратұлы Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;
Айдос Ыдырысұлы Үкібай басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды;
Берік Уәлиұлы Құрманғали ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу