24 Наурыз 2019, 08:40
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен:
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды;
Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, ол ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды;
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу