25 Ақпан 2019, 12:25
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары болып тағайындалды, ол ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды;
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды.
Сапархан Кесікбайұлы Омаров ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды;
Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова ҚР білім және ғылым министрі болып тағайындалды;
Роман Васильевич Скляр ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
Руслан Ерболатұлы Дәленов ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу