ҚР Президенті бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды, ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды;

  • Ерлан Еркінұлы Баттақов ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, ол ҚР Президентінің Іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу