Сергей Компаниец ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Сергей Евгеньевич Компаниец оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Астана қаласының Мемлекеттік политехникалық колледжін, Басқару институтын, Академиялық инновациялық университетті және Джордж Вашингтон университетін бітірген. 

2006–2009 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ-де жүйе технигі, директордың орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

2009–2011 жылдары — «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-да департамент директоры және ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің «Алмас» РМҚК директорының орынбасары.

2015–2020 жылдары коммерциялық құрылымдарда, Шымкент қаласы әкімінің аппаратында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, сондай-ақ «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020–2024 жылдары — Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі, «Turkistan» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы, «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу