Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

  • Сатыбалды Ересұлы Бұршақов ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

  • Әділ Қапанұлы Тұрсынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;

  • Замир Садықұлы Сағынов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

  • Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу