ҚР Көлік  министрлiгi комитеттерінің төрағалары тағайындалды 

Қазақстан Республикасы көлік министрінің бұйрығымен Төлеген Абдуллин, Олжас Сапарбеков және Алтай Әлі ҚР КМ комитеттерінің төрағалары болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Төлеген Тұрсынұлы Абдуллин ҚР КМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, «Қаржы академиясы» АҚ тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері болып бастады.

2005-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК Павлодар филиалында түрлі қызметтерді атқарған.

2011-2014 жылдары — «Қазақавтожол» РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры.

2014-2019 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.

2019-2021 жылдары — ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасы орынбасарының м.а., орынбасары.

2021 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

https://lh7-us.googleusercontent.com/qFGZ5rWvfQJUTsnoBnvATa45UqxplmbKdrcEcmgruaSLWZmYvv9qzi_ZTDlOJTJ0cYYdMnhR0fApUadhI4Hkd2_VnR3vczsIU_0ewNz4VIo4mZqn5ZxOXHJMl1jcvuGUpolAYGX7HhTs

Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков ҚР КМ Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы жеке меншік теміржол компаниясында бастаған. 

2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» құрылымында жұмыс істеді. 

2006-2016 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 

2016-2019 жылдары — «Атамекен» ҰКП сарапшы, департамент директорының орынбасары. 

2019-2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2021-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары.

2023 жылдың маусым айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

Алтай Сембекұлы Әлі ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

2010-2011 жылдары — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында менеджер.

2014-2015 жылдары — Астана қалалық сотының бас маманы.

2015-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі.

2019-2020 жылдары — Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

2021-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары. 

2023 жылдың мамыр айынан бастап ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу