Дәулет Бекманов ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов берген өтінішіне сәйкес ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Дәулет Бекманов 1983 жылы дүниеге келген. Ол «Мирас» университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Еңбек жолын жеке ұйымда инженер-жүйе технигі қызметінен бастады. 

Әр жылдары «ҰАТ» АҚ, Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникациялар, Инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу