Дулат Жекебаев ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Дулат Жекебаев ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Дулат Шайкенұлы Жекебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Дулат Жекебаев 1976 жылы Қарағанды облысында туған.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын, Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын ауыл мектебінде география және тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2001-2005 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2005-2017 жылдары – Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы білім департаменті директорының орынбасары, Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы.

2017-2019 жылдары – Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу