Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді.

Отырыс барысында бизнес ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды және әкімшілік кедергілерді азайту және жеке меншікті қорғау бойынша шаралар қаралды.

Отырыс аясында «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ президенті А. Айтжанов, «BI Group» директорлар кеңесінің төрағасы А. Рахымбаев, «Сентрас» компаниялар тобының бас директоры Е. Әбдіразақов және басқалары өз ұсыныстарын айтты. Талқылауға сондай-ақ ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова және ҚР әділет министрі М. Бекетаев қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев құзыретті мемлекеттік органдарға сараптамалық қоғамның ұсыныстарын қарастыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу