Бақытжан Сағынтаев көші-қон саясаты және моноқалаларды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев көші-қон саясаты және моноқалаларды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында денсаулық сақтау, білім беру, туризм, энергетика салаларында моноқалалардың инфрақұрылымын одан әрі дамыту шаралары талқыланды. Сондай-ақ, инвестициялар тарту мәселелері қаралды.

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысына баса назар аударылды.

ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, ҚР әділет министрі М. Бекетаев, ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымов, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов, Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов және басқалары баяндама жасады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу