Мансаптық модельге көшу Қазақстанның мемлекеттік қызметінің тартымдылығын арттырды

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бірінші бағытын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова атқарылған жұмыс туралы айтты.

Аталған бағытта мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімін жаңғырту жүргізілді. Айгүл Шаимова бұған дейін мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын тұлғалар кез келген бос жұмыс орнына, оның ішінде басшы лауазымына үміткер бола алатын. Жаңа модельде бұл мүмкін болмайтынын түсіндірді.

«Енді мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын және жұмыс тәжірибесі жоқ тұлғалар өз мансабын тек төменгі лауазымнан ғана бастай алады», - деп баса айтты Айгүл Шаимова.

Бұл меритократия қағидаты тән енгізілген мансаптық модельдің негізгі постулаты.  Меритократия қағидатының негізгі құндылығы – әділеттілікті және мемлекеттік қызметте мансапқа жеткісі келетіндер үшін нақты әлеуметтік лифтті қамтамасыз ету.

«Осылайша біз Мемлекет басшысының еңбегіне қарай жұмысқа орналасуы керек деген нұсқауын толық орындаймыз», - деп атап өтті Агенттік төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, жалпы мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артып келеді. Реформаны іске асырғаннан бастап мансапты төменгі сатыдан бастаған тұлғалардың үш есе артқаны байқалған.

2017 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша бастапқы сатыларға 3 005 мемлекеттік қызметкер қабылданды. Олардың 1 711-і – жерлігікті атқарушы органдарда, 1 294-і – орталық мемлекеттік органдарда.

Айгүл Шаимова Ұлт жоспарының екінші қадамы аясында төменгі лауазымдарға үміткерлерді іріктеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылатынын айтты. Яғни, мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлердің заңдарды білуі, құзіреттерінің болуы бағаланады. 

Баспасөз конференциясы аясында халықаралық сарапшы Уильям Астон қазақстандық реформалар туралы өз пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, кез келген елде мемлекеттік қызмет аппараты алдыңғы қатарда тұрады. Ол барлық реформаларды саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларда енгізуде басты рөлге ие.

«Сондықтан, мемлекеттік аппараттың меритократия, ашықтық, тиімділік қағидаттарына негізделуі аса маңызды. Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы аталған мақсаттарға жетуді көздейді. Сол себепті, Ұлт жоспарын іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан үздік әлемдік стандарттарға, оның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес болады деген үміттемін», - деді Уильям Астон.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу