Бақытжан Сағынтаев Астанада Стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында Астанада Стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Стартаптарды тарту және дамыту үшін жағдай жасау, оқыту және менторлық жүйесін енгізу арқылы стартап қызметтеріне сарапшылық қолдауды қамтамасыз ету бойынша жоспарлар, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, оның ішінде бағдарламалау мектебі, стартап-академия және басқаларын енгізу перспективалары қаралды.   

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Анықтама:

Стартап-хаба құру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілген.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу