05 Тамыз 2017, 07:00
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында экономиканың базалық салаларын цифрландыру, ІТ-индустрияны дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ, Астанада Astana Hub технопаркін құру жобасы қаралды.
Анықтама:
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен цифрлық жүйені үдемелі дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанның ЖІӨ-не АКТ секторының үлесі 2020 жылға қарай 4,85%-ға жетеді деп күтілуде; АКТ саласындағы еңбек өнімділігі 31%-ға артып, халықтың цифрлық сауаттылығы 80%-ды құрап, интернет қолданушылар үлесі 78%-ға дейін ұлғайтылып, электронды түрде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің саны қағаз және электронды түрде алынған жалпы қызметтер саны тұрғысынан 80%-ға дейін ұлғайтылады деп күтілуде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу