Бақытжан Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті.

Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды. 

16 тамызда ФР Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу