Бақытжан Сағынтаев АҚШ энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллэтпен ортақ жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэн Бруйллэтпен (Dan Brouillette) энергетика саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Қазақстанда американдық ірі трансұлттық компаниялармен бірлескен индустриалды жобаларды іске асыру барысы талқыланды. 

Сондай-ақ, тараптар Энергетикалық серіктестік бойынша қазақстандық-американдық бірлескен комиссия жұмысын нығайту арқылы жаңа технологиялар мен зерттеулер саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарады. 

Анықтама:

2017  жылы ҚР мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. 
АҚШ – Қазақстандағы екінші ірі инвестор (2,2 млрд $). Қазақстанда американдық капиталдың қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу