Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені әзірленеді – ҚР ҰЭМ

Алдағы жылдары Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар іске асырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. 

Министр баяндағанындай, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын «Макроэкономикалық тұрақтылық» бағыты бойынша жүзеге асыру аясында ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалпына келтіру және салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық шынайылыққа келтіру бойынша жұмыстар іске асырылады.

2017 жылдың басынан бері отандық экономикада қалпына келтіру өсімі бағытына шығуымен экономикалық белсенділіктің жақсару белгілері байқалып келеді. Мәселен, 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖІӨ өсімі 4,0% құрады. Шілде айында инфляция 7,1% дейін төмендеп, соңғы екі жылда минимальді мәніне жуықтады.

Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің артуы негізінен шикізаттық емес сектор есебінен қамтамасыз етілетіні атап өтілді. Есептеулер бойынша шикізаттық сектордың экономикалық өсімге үлесі 1,4 пайыздық пунктті құрады, ал шикізаттық емес секторда – 2,3 пункт.

Қазіргі динамиканы сақтап, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін бірқатар бағыттар бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Мәселен, бюджет тапшылығын 2017 жылы ЖІӨ шаққанда 3,1%-дан 2019–2020 жылдары ЖІӨ-ге шаққанда 1,0% дейін төмендету көзделіп отыр, бұл мемлекеттік қарызды ЖІӨ-ге шаққанда 27% көп емес деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бюджет шығындарының тиімділігіне қаражатты тиімді емес бағдарламалардан экономиканың өсімін және 30 озық елдің қатарына енуді қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлу мүмкіндігін заңмен бекіту аясында қол жеткізу жоспарланып отыр.  

Осыған байланысты Заң жобасы әзірленді, онда бюджет шығындарының тиімділігін арттыру, сонымен қатар қаражатты нақты экономикаға жылдам әрі тиімді жеткізу үшін бюджет процедураларын жеңілдету бойынша шаралар қарастырылған. 

Сонымен қатар Ұлттық қор активтерін тұрақтандыру және сақтау мақсатында кепілдендірілген трансферттің жыл сайынғы бекітілген көлемі біртіндеп 2018 жылғы 2,6 млрд теңгеден 2020 жылғы 2,0 млрд теңгеге дейін азайтылады.

Бұдан өзге, салық саясатын жаңа экономикалық шынайылыққа бейімдеу үшін салық заңнамасына өзгерістер әзірленген. Бизнесті «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру және шикізаттық емес секторда салық базасын кеңейту бойынша міндеттер ҚҚС алуды жетілдіру, арнайы салық режимдерін реформалау, капиталдың жылыстауына қарсы халықаралық стандарттарды енгізу бойынша жұмыстар аясында іске асырылады. 

Сонымен қатар Үкімет ведомстволық бағынышты ұйымдарға толық түгендеу жүргізді, оның қорытындылары бойынша мемлекет меншігіндегі жекешелендіруге жататын ұйымдар саны 903 дейін арттырылды, оның ішінде 68 ірі ұйым бар. 2018 жылы 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша нысандарды сатуды аяқтау көзделіп отыр, тек Самұрық-Қазынаның 17 ірі компаниясы сатуға түбегейлі даярлықты талап етеді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу