Қазақстан Президенті Түркия Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады, оған зор денсаулық пен табыс тілеп, Қазақстан халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларына, сондай-ақ Түркия Республикасы Президентінің Астанаға биылғы 9 қыркүйектегі ресми сапарына қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу мәселелері туралы пікір алмасты.

Президенттер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу